Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектебі
«Тиімді әдіс-тәсілдер – сапалы сабақ кепілі» атты математика, информатика және физика
пәндер апталығының
қорытынды есебі
2021 – 2022 оқу жылы
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.
Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты - пәндік апталық болып саналады.
Ақпан айының 14-18 күндер аралығында мектепте математика, информатика және физика пәндер апталығы өткізілді. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.
Апталықтың мақсаты: математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті.
Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер, логикалық сұрақтар сайысы, МИФ баспалдағы, «Кім жүйрік», «Бәрін білгім келеді!» т.б. сыныптан тыс іс- шаралар мен тиімді үзіліс өз дәрежесінде өтті.
Апта ағымында келесі іс-шаралар өткізілді:
14 ақпан – « Кім жүйрік » көңілді үзіліс өтті, Төлепқали М.тәжірибелі ұстаз логикалық есептерді үзіліс кезінде шығартты.
Калиева Б. Информатика пәні мұғалімі 5-7 сыныптар арасында «Бәрін білгім келеді» атты ойын сабақ өткізді. Сынып оқушылары өте белсенді қатысып жүлделі орынға ие болды.
15 ақпан- үлкен қоңырауда мектеп оқушылары мен ұстаздар арасында математикалық ойындар өтті. Ойын өте қызықты болып барлық қатысушыларға ұнады.
Физика және математика пәні мұғалімі Куткожина М. «Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісі.» 10-сынып және математика және физика пәні мұғалімі Шамшиденова Ж.«Ондық бөлшектерді қосу және азайту»тақырыбында 5-сыныпқа ашық сабақтар өткізді.
Информатика пән-мұғалімдері Калиева Б және Есмұратқызы Г. 6-7 сынып оқушыларының арасында «Тіл-өнер» түрлі сөзжұмбақтар шешу мақсатында викториналық сұрактар өткізді.
16 ақпан -Информатика пәні мұғалімі Елмұратқызы Г. «Мобильді қосымшаларды жасау.»тақырыбында 11-сыныпта ашық сабақ өткізді.Математика және физика пәні мұғалімі Карабалина Н.«Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу»тақырыбында 6-сыныпқа ашық сабақ өткізді.
17-ақпан- «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сыныптан тыс шара өтті.Шараға 8-11 сынып оқушылары қатысты.Тақырыпқа сай оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында түрлі сұрақтар қойылды.Пәнаралық байланыс байқалды.
18 ақпан – Информатика пәні мұғалімінің «Презентацияларға арналған ақпарат» тақырыбында ашық сабағы өтті.
Іс - шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды. Барлық іс-шаралар жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсеңді тақтаны пайдаланды.
Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Сайыстардың жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.
Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және сенімді өкілі.
Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі: Калиева Багила Уахитовна