Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта
мектебінде 2019-2020 оқу жылының
ІІІ тоқсанында жасалған жұмыстар
бойынша
Хабарлама
Осы тоқсан бойынша 1-4 сыныптарда 44 оқушы, 5-9-сыныптар арасында 39 оқушы, 10-11–сыныптар аралығында 15 оқушы оқыды. Оқушыларымыз бұл тоқсанды да жақсы аяқтады. 16-оқушымыз оқу озаты болса, 37-оқушы оқу екпіндісі болды. Қаңтар айының 25-ші жұлдызында математика-физика,информатика бірлестігі «Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас» атты бір күндік семинар өткізді.Семинар жоспарға сай ашық сабақтар мен бірлестік жетекшісінің ұйымдастыруымен тренинг шарасы өтті.Айта кететін болсақ: «Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру» тақырыбында 5-сыныпқа математика пәнінен Н.Қарабалина ашық сабақ өткізді. 6-сыныпқа математика пәнінен Ж.Шамшиденова «Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өтті. «Квадрат теңдеу тарауын қайталау» тақырыбында
8-сыныпқа М.Төлепқали алгебра сабағынан ашық сабақ өткізді және «Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу» тақырыбында 7-сыныпқа физика пәнінен М.Куткожина ашық сабақ өткізді.Информатика пәні мұғалімі Б.Қалиева және жас маман Г.Елмұратқызы әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізді. Оның негізгі мақсаты – қызметкерлер ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру болып табылды.
Мектепте 2020 жылдың 3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік өткізілді. Онкүндікті өткізуде мектеп директорының 2020 жылғы 1 ақпандағы №27 бұйрығы шығарылып, іс-шаралар жоспары жасақталды. 3ақпан күні онкүндіктің ашылу болып, өзін-өзі тану пәні мұғалімі Г.Аренова Сара Алпысқызының өмірі мен еңбек жолы туралы айтып өтті. Сонымен қатар С.Шахметова «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты әңгіме сағатын өткізді. Шарада оқушыларды үш топқа бөліп, топтар адам бойындағы жақсы қасиеттер туралы өз ойларын ортаға салды. Ал 4 ақпан күні кітапханашы А.Құлбаева «Мейірімділік жүректен» кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапханашы көрменің мақсатын таныстырып, С.Алпысқызының кітаптарына шолу жасады. Г.Салықбаева «Қайырымдылық жер бетінде» атты флеш-моб өткізді. Шарада оқушылар ұйымшылдық танытып, белсенді болды. 5ақпан күні «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты оқушылардың шығармашылық көрмесін Б.Шамшенов ұйымдастырды. Көрмеде оқушылардың өз қолдарымен жасаған бұйымдары мен салған суреттері қойылды. 5-8 сынып оқушыларымен «Балаға жүрек жылуы» тақырыптық сабағын З.Таментаева мен Н.Карабалиналар өткізді. «Жақсылық жасасаң жаман болмайсың» атты театрланған қойылымды Н.Кенжеғалиева мен А.Калиуллина ұйымдастырды. 5-11 сынып оқушыларымен «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады» атты концерттік бағдарламаны Г.Аренова мен Г.Салықбаевалар өткізді.
10 ақпан күні А.Сатыбалдиева «Сенде бір кірпіш дүниеге...» атты ауызша журнал өткізді. «Алтын жүрек анамыз» атты көркемсөз байқауын А.Талғатова ұйымдастырып өткізді. Байқауға 5-11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Қорытындысында Ф.Дюсенғалиева
І орын, А.Жылқыбайқызы ІІ орын, А. Бердіғалиева ІІІ орын иеленді. 9-11 сынып оқушыларымен «Жастарда патриоттық рух бар ма?» атты дебат өткізілді. Шарада оқушылар өз ойын еркін айта білді. 12 ақпан күні жоспарға сай «Сүйіспеншілік –өмір негізі» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. Сонымен қатар онкүндіктің аясында «Өзін-өзі тану» пәні олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданы өткізуде «Дарын» орталығының ережесі басшылыққа алынды. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік қорытындыланып, белсенділік танытқан сыныптарға алғыс айтылды.
Ауданымызда қаңтар айында 7-8 сынып қыздар арасында баскетболдан өткен сайысқа мектебіміздің оқушылары қатынасып, жүлделі 2 орын иеленді. Атап айтсақ,
8-сынып оқушылары Г.Төлепбергенова, А.Бердіғалиева, Қ.Әлжанова, А.Төлеуғалиева және 7-сынып оқушылары Ж.Нәбиденова, Ж.Есенова, А.Жылқыбайқызы. Денешынықтыру пәні мұғалімдері И.Оқасов және Ә.Әмірханов. Сонымен қатар қаңтардың 31 күні «Спорт нашақорлыққа қарсы» ұранымен ауданымызда өткен асық атудан өткен сайысқа Қ.Қармысов, Қ.Қойшин ІІІ орын алып, Амангелдиева Ақнұр І орынды қанжығасына байлаған болатын. Пән мұғалімі дене шынықтыру пәні мұғалімі – Оқасов Ілияс.
24-28 ақпан күндері аралығында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты «Абай - дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында апталық кезінде бастауыш сыныптар бойынша «Дана халықтың дара Абайы» тақырыбымен сынып сағаттары өтті. Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай өткізілген апталықта бастауыш сыныптар бойынша «Ұлы ұстаздың ұлы жолы» тақырыбымен сынып сағаттары өтті.
Сонымен бірге ұстаздарымыз өз шығармашылықтарын байытуда түрлі сайыстарға,семинарларға, курстарға қатысты.Айта кететін болсақ: информатика пәні мұғалімі Б.Қалиева Қазақстандық интернет олимпиадасына қатысып,республикалық көлемде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды
Бастауыш сынып мұғалімдері С.Шахметова республикалық қашықтық олимпиадасына қатынасып, республика бойынша І орын, Г.Аренова мен Г. Салықбаева республика бойынша ІІІ орын,Ә.Тауғыстауова облыс бойынша ІІ орын иеленді.
Тәжірибелі, жоғарғы санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Ажибаева жоспарға сәйкес 4-сыныпқа «Природныеявления»тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында мұғалім көптеген әдіс-тәсілдер мен АКТ тиімді қолданып, сабағын қызықты өткізе білді. Оқушылар тарапынан сабаққа деген ынта өте басым болды. Мектебімізде мерекелерге сай тәрбие сағаттары өтіп тұрады.
1-наурыз алғыс айту күні. Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Уақытша тәрбие ісінің орынбасарының міндетін атқарушы Г.Аренова осы мейрамға орай ауылымыздың ел ағасы,мәдениет бөлімінің меңгерушісі Қ.Қалиевпен кездесу ұйымдастырды. Ауылға жасаған жақсылығын ерекше айта отырып , ауыл мәдениетін көтеруде көп үлес қосқанына ризашылығын білдіріп,бүгінгі жас ұрпаққа үлгі тұтар азамат екенін айтып, соңы сазды бағдарламаға ұласты.Сынып жетекшілер де тәрбиелік шараларды уақтылы өткізіп оқушыларға тәлім-тәрбие беруде. З.Таментаева мен А.Халенова жетекшілік ететін сыныптарымен (8-сынып, 9-сынып) «Алғыс айту – парызым!» атты тәрбие сағаттарын өткізген болатын. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушылардың жанұяға, ата-анаға, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынастарын дамыта отырып, ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір-бірімен үйлесімді қарым-қатынас жасай білуге үйретуболып табылады. 6-наурыз күні шағын орталық және мектепалды даярлық сынып бойынша «Аяулы менің анашым» атты тәрбиелік шара өткізіп ,балалар өз өнерлерін ортаға салып ,аналарына деген құрметін көрсетті.
Мектепте "Дарынды оқушылардың шығармашылығын арттырудағы психологиялық дәлдік пен түсінісу дағдыларын қалыптастыру" тақырыбында аудандық әдістемелік семинар өткізілді.Семинарда өзін-өзі тану мұғалімі Аренова Гүлсімай "Әлеуметтік жоба: идеядан нәтижеге дейін" тақырыбындағы таныстырылымында нақты дәлелдемелер келтіріп, нәтижеге жету үшін жобада атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар, «Шығармашылықпен ойлайтын,әрекет ететін,өзін-өзі дамытатын оқушы дайындау – қазіргі заман талабы» тақырыбында тарих, география, химия пәндері бірлестігінде семинар өткізілді. «Энергия және қозғалыс» тақырыбында 6-сыныпта география пәні мұғалімі С.Кутжанова, «Химиялық формула»тақырыбында 7-сыныпта химия пәні мұғалімі С.Шахметова ,10-сыныпта жас маман тарих пәні бойынша О.Қазимеденова «Ұлттық мемлекеттің жаңғыртылуы» тақырыбында ашық сабақ және тәжірибелі ұстаз Р.Қамеш «ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ қоғамы» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.Тәжірибелі ұстаздар «Критериалды бағалау құралдарын құрастыру», «Шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін,өзін-өзі дамытатын оқушы дайындау- қазіргі заман талабы» тақырыбында өздерінің шығармашылық жұмыстарымен бөлісті.Сынып оқушылары белсенділік көрсетті.
Білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі қадамдарды негізгі ала отырып жұмыс жүргізуде ұстаздар қауымы жоспарға сай жұмыстарын жүргізе бермек.