oC

Мектебіміз 4-қараша мен 28-желтоқсан аралығында ІІ тоқсанды аяқтағалы отыр. Бұл тоқсан өз ерекшелігімен аяқталды.

Мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық көлемде бірнеше сайыстарға ұстаздарымыз бен оқушыларымыз қатынасты.Қараша айының 14-15 жұлдызында Республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі өтті.Мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары қатынасып,жүлделі бірінші орынға ие болған оқушылар Республикалық олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алды.

         2-6 желтоқсан аралығында Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығына орай мектебімізде «Ғұлама тұлға- ғибратты ғұмыр» атты апталық болып өтті.Апталықтың аясында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен «Аңызға айналған абыз» атты дөңгелек үстел ата-аналармен бірігіп өткізді.Шара барысында ата-аналар Ә.Кекілбайұлының өздері оқыған шығармаларына тоқталып,бірнеше өлеңдерін оқып берді.Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Кемел елдің кемеңгер қаламгері» тақырыбында әдеби кеш болып өтті.Кеште 6-11 сынып оқушылары қатысты.Кеш барысында Ә.Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығынан мәліметтер беріле отырып,өлеңдерін оқушылар жатқа айтты.Кемеңгер қаламгер туралы бейнетаспа жазбалары белсенді тақта арқылы көрсетілді.

         5-6 желтоқсан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлдемен оралды.Атап айтатын болсақ: тарих пәнінен Ғилымов Н І орын (мұғалімі Р.Қамеш), информатика пәні бойынша Әлжанова Қ ІІ орын және Қалимолла Д. ІІІ орын (мұғалімі Б.Қалиева), география пәнінен Төлеуғалиева А. ІІ орын (мұғалімі С.Құтжанова), физика пәнінен Аянова Ұ. ІІІ орын, Есенова А. ІІІ орын және Жұмабекова Г. ІІІ орын (Мұғалімдері: Куткожина М. Карабалина Н),Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9-сынып оқушысы Әлжанова Ә. Жүлделі ІІІ орынға ие болды.

12-желтоқсан күні аудандық көлемде өткен «Спорт нашақорлыққа қарсы» ұранымен «Гандбол» ойыны 9-11 сынып қыздары арасында сайыс өтті. Мектебіміз оқушылар лига біріншілігінде команда ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Окасов И.

 

13-желтоқсан күні мектебімізде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымының қатарына қабылдаудың шарасы салтанатты түрде өткізілді.Мектеп тәлімгері Н.Қарабалина және «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы Ә.Әлжанова оқушыларды «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымына қабылдады.Мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымына 10 оқушы қабылданды.

18-желтоқсан күні 1-11сыныптар тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік қасиетті тұнған ұлы есім» атты сазды бағдарлама өткізді.

 

 

 

Есбол ауылдық округ әкімдігі «Есбол-Мәдениет»МКҚК ұйымдастыруымен өткен шарада оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетті.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Поэззия подишасы-Фариза» атты көркемсөз оқу шеберлері: бас жүлде 9-сынып оқушысы А.Алжанова, І орын 8-сынып оқушысы Д.Батырханова, арнайы диплом 11-сынып оқушысы А.Қуаныш иеленді.(Жетекшілері:З.Таментаева,А.Халенова)

 

Дәстүрлі жаңа жыл мерекесіне орай шағын топ,мадс және 1-сынып оқушылары арасында «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілік, 2-4 сынып оқушылары арасында «Ертегілер елінде» кеші өтті.5-7 сынып аралығында «Төрле,төрле жаңа жыл»балмаскарады және 8-11 сынып арасында жаңа жыл кешіне арналған «Жаңа жыл-жаңа қадам,жаңа бақыт» атты көңілді алау кеші өтті.