Атырау облысы,Индер ауданы,Ынтымақ селосы,Гребенщик орта мектебі
2018-2019 оқу жылы
1-қыркүйек
Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені –деп жырлағандай 1-қыркүйек білім күні Гребенщик орта мектебі үшін де ерекше күн болды. Мектеп оқушылары үш ай демалып, ой-өрістерін кеңейтіп, бір жасқа үлкейіп, өздерінің білім ордасына оралды. Сонымен бірге тарыдай болып келіп, таудай болып шығамыз деп
1-сыныпқа 12 (он екі) жас бүлшіршіндер мектеп табалдырығын алғаш аттады.
Салтанатты шараға аудандық мәслихат хатшысы Сапаров Бағдат Шамұратұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Дәутова Гүлнұр Темірғалиқызы, Есбол ауылдық округінің әкімі Сабиров Ерболат Сағидоллаұлы және ардагер ұстаздар, мекеме басшылары, ата-аналар қатынасты. Келген қонақтар өздерінің жүрек жарды тілектерін айтып, жылдан жылға білім ордасының жаңарып, жаңа технологиялармен жабдықталып жатқанына тоқталып өтті.
Мектеп директоры Маркиза Мүрсенқызы 2017-2018 оқу жылындағы жеткен жетістіктеріне тоқтала отырып, ұстаздар қауымына жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастай отырып, толағай табыстарға жетуіне тілек білдірді. Биылғы оқу жылында мектепке робототехника кабинеті ашылғалы отыр. Үш тұғырлы тіл биылғы оқу жылында іске аспақшы.
Білім күні «Мен –өз елімнің патриотымын» атты тақырыппен әр сыныпта тәрбиелік шаралар өтумен жалғасты. Сынып жетекшілер белсенді тақтаны, теледидарды,интернет желілерін пайдаланды.Әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы тәрбиелік шараларын өткізді. Сабақ соңында оқушылар өз ойларын ортаға салды.