oC

Әбіш Кекілбайұлы атындағы   орта

мектебінде  2019-2020 оқу жылында жасалған 

жұмыстар   бойынша

 

 

Хабарлама

 

2019-2020  оқу жылын 101 оқушы оқип шықты. Оның 16-ы оқу озаты, 37-ы оқу екпіндісі.

Мектепте 27 мұғалім жұмыс жасады. Оның І санаттысы - 2, ІІ санаттысы -4, санатсызы -9, педагог-зерттеуші - 2, педагог-сарапшы - 9, педагог- модератор-3

Елімізде төтенше  жағдай жариялап, 4-оқу тоқсанына көптеген дайындық жұмыстары жүргізіліп, ІҮ оқу тоқсаны қашықтықтан өткізілгені баршамызға мәлім. Ұстаздарымыз сабақты қашықтықтан өткізді. Оқушыларымыз «Балапан» телеарнасынан берілген сабақтарды қарай отырып, BilimLand, Kundelik.kz платформаларын және cмартфон құралдарын, Ватсап желісін тиімді пайдаланды.

Сынып оқушылары мен ата-аналары қашықтықтан өткізілген шаралар мен сабақтарға белсенді қатысты. Атап айтсақ 1-сыныптың  9-мамыр жеңіс күніне орай қашықтық «Ешкім де, ешнәрседе ұмытылмайды» шарасы өтті.  Сонымен қатар халықаралық отбасы күніне орай 1-сынып оқушыларының «Отбасы-бақыт мекені» атты шарасы өткізіліп, әлеуметтік желіге жарияланды.   Отбасы күніне арналған видеоролікті  3-сынып оқушысы Жасұланқызы Інжу, 4-сынып оқушылары Меңдеш Айнар, Бағытжан Әлинұр жасап әлеуметтік желіге жариялады. Қашықтықтан өткізілген математикалық онлайн тестке    Беркутұлы Бақдәулет, Калык Әсем, Жасұланұлы Диас, Шалқарұлы Асылжан, Нәбиден Раяна, Бердіғали Асанәлі қатысып, өз білімдерін сынап көрді.

Қашықтықтан өткізілген  «Кенгуру математика барлығы үшін» байқауында 1-сынып оқушылары А.Сидеғали ІІ орын, Р.Нәбиден І орын, 2-сынып оқушылары А.Әлжанова ІІ орын, Н.Калимова І орын, 3-сынып оқушылары Д.Қазмұрат ІІ орын, А.Мусаев І орын, 4-сынып оқушылары А.Қалимолла ІІ орын,А.Серікова І орын иеленді. Математика пәні бойынша Батырханова Динар-8 сынып оқушысы ІІІ орын, (мұғалімі: М.Төлепқали),  Пангереева Аружан -9 сынып оқушысы ІІ орын (мұғалімі: М.Төлепқали), Бақытжан Сабина -6 сынып оқушысы І орын (мұғалімі: Ж.Шамшиденова/, 7-сынып оқушысы Набиденова Жанель,Медетұлы Құдірет  І орын, Мұратұлы Мирас ІІ орын иеленді.

  «Золотое руно»   интелектуладық байқауында 1-сынып оқушысы Сидеғали Айзере, 2-сынып оқушысы А.Әлжанова ІІ орын, 3 сынып оқушысы Д.Қазмұрат, 4-сынып оқушысы А.Қалимолла жүлделі ІІІ орын иеленді.Қашықтықтан өткен«Қызықты математика және логика» онлайн олимпиадасында 2-сынып оқушылары А.Әлжанова ІІІ орын, Н.Калимова І орын алды.

Республикалық онлайн әдістемелік сайты «Үздік сабақ жоспары» онлайн конкурсына қатысып жүлделі І дәрежелі диплом иегері математика пәні мұғалімі М.Төлепқали  және информатика пәні мұғалімі Б.Қалиева «Менің педагогикалық ұстанымым» атты тақырыпта І дәрежелі дипломға ие болды. Онлайн өткізілген «Үздік педагог» байқауында Г.Аренова ІІ орын алды. Дарын онлайн платформасында өткізілген «Кемеңгер ұстаз» байқауында Г.Салықбаева, С.Шахметова, Г.Аренова,Ә.Тауғыстауова қатысып жүлделі І орын иеленді.

Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдерінің дайындаған 1-сыныптың дүниетану пәнінің жеті сабағы облыстық әдістемелік кабинеттің ютуб каналына жүктелді. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі ұстаздарға қашықтықтан сабақ өткізуде әдістемелік құрал болғаны сөзсіз.

                Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 8-сынып жетекшісі З.Таментаева, 6-сынып жетекшісі А.Сатыбалдиева  «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының призмасы арқылы «Бақытты отбасы» бағдарламасының оқу курсы бағдарламасы бойынша сынып жетекшілердің біліктілікті арттыру online оқу курсын қашықтықта оқығаны туралы Нұр-сұлтан қ., «Отбасылық Тәрбиелеу Институты» ЖСШ-інде 52 академиялық сағатта теориялық-практикалық білім алу курсын меңгергені үшін «Сертификатқа» ие болды.

Қорыта айтқанда бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мектеп кезінен бастау алады.  Осы оқу жылы басталғаннан бергі мектеп оқушыларының аудандық ғылыми жоба байқауында орын алуы, пән олимпиадасында оқушыларымыз республикалық деңгейде оза шабуы біздің оқушыларымыздың білім бәсекесінде қалыс қалмайтынының анық дәлелі. Ал ұстаздарымыздың аудандық байқауларда, республикалық деңгейдегі интернет байқауларында топ жаруы ұстаздардың жаңалыққа жаны құмар жаңашыл идеялары барекендігінің айғағы. Ал мыңға тарта аудан ұстаздарының ішінде «Жылдың үздік білім саласының қызметкері»  атағын біздің мектебіміздің ұстазына бұйыруы мектебіміздің мерейін көтеріп, абыройын асқақтатқаны анық. Бүгінгі заман бәсекеге қабілеттілікті талап етеді. Олай болса біздің мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары білім бәсекесінде қалыс қалмайтыны анық .