oC

Гребенщик орта мектебі бойынша маусым-тамыз аралығында «Балауса» жазғы демалыс –сауықтыру лагері, жаратылыстану-математика бағытындағы лагерь және «Компьютерлік сауаттылық» клубы ашылды. Балалар жазғы демалысын жақсы өткізді.


« Балауса »  жазғы демалыс –сауықтыру лагері 12 күннен 2 ауысымда жұмыс жасады.Тамақтанбайтын 1-10 маусым аралығындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы лагерьде 6-7 сынып балалары, «Компьютерлік сауаттылық» клубында 2-сынып балалары алынды. Ауыл бойынша әлеуметтік аз қамтылған ,жартылай жетім ,көп балалы ,толық емес отбасы мен жұмыссыздар отбасындағы балалардың демалысымен сауықтыруын қамтасыз етілді. Мектепте балалардың демалуына ,спорттық ойындар ойнауына 1спорт залы, акт залы және спорт алаңдарыпайдалануға берілді. 1- маусым сағат 9:00 де мектепішілік жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы мектеп ауласында өткізілді. Лагерге мектеп 1-6 сынып оқушылары және лагерь қызметкерлері мен құрметті қонақтар мен ата-аналар қатысты. Ашылу мерекесімен мектеп директорының оқу тәрбие ісінің меңгерушісі  А.С.Қойшина құттықтап, бүлдіршіндерді лагерьге  белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын айтты. Демалуға келген оқушыларға шашу шашылып, оқушыларды кіргізді. Оқушыларды топ жетекшілері және тәлімгерлері белгіленген кабинеттеріне апарып, күн тәртіптерімен таныстырып, кітапхана, мектеп психологы және медбике топтармен танысты. Лагерь жетекшілері балаларды топқа бөліп, түрлі тапсырмалар орындатты. Жиында «Мерекем» әні, «Әдемі-ай!» әндері орындалып, «Флешмоб» биі орындалды. 1-маусым мерекесіне орай ашылған лагерьге ауыл мәдениет ошағы да өз үлесін қосты.