oC

Әбіш Кекілбайұлы атындағы   орта

мектебінде  2019-2020 оқу жылының 

І тоқсанында жасалған жұмыстары

бойынша

 

 

Хабарлама 

 

2019-2020  оқу жылында 1-4 сыныптарға   42 оқушы, мектепалды даярлық сыныбына 5 бала, шағын топқа 5 бала, 1-сыныпқа 11 оқушы  қабылданды. 5-9-сынып арасында 39 оқушы, 10-11 –сыныптар аралығында 15 оқушы оқиды. Мектепте  96 оқушы оқиды. Оның 13-ы оқу озаты, 34-ы оқу екпіндісі.

 

Сапа- 55,3% . Былтырғы оқу жылының І тоқсанымен салыстырғанда-+ 5,3 пайызға айырмашылық бар. Мектепте 27 мұғалім жұмыс жасайды. Оның І санаттысы -    ,

ІІ санаттысы - , санатсызы -  , педагог-зерттеуші - 2, педагог-сарапшы - 8, педагог- модератор-2.

 

Мектебімізде 16 қыркүйек 2017 жылғы №167 бұйрыққа сәйкес «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбымен  9-20 қыркүйек аралығында мектепішілік онкүндік болып өтті. Аталмыш онкүндік аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене атсалысты.

 

Онкүндік үш тілде  салтанатты түрде ашылып, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған челленджбен жалғасты.Тәрбиешілер  А.Қалиоллина мен Н.Кенжеғалиева  мектепалды     даярлық сыныбы мен шағын топ балаларымен «Ана тілі-баба тілі»тақырыбында   ертеңгілік   өткізді.1 және 2-сынып оқушылары бірлесе отырып «Тіл-ұлт қазынасы», 3-4 сыныптар бірлесіп  «Тіл мерейі-ел мерейі» атты тәрбиелік шара өткізді. 

 

Сондай-ақ  8-сынып оқушыларымен өткен «Ана тілі – мәңгі өлмейтін бәйтерек» атты әдеби-сахналық қойылымы есімізде ерекше сақталды. Оқушылар мұнда тіл тарихына терең бойлап, өзіндік ой-пікірлерін  ортаға салып, бойларындағы өнерлерін көрсетіп, тілді кейінгі ұрпаққа жеткізу парыз екендігін дәлелдей түсті (сынып жетекшісі З.Таментаева). Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Халенова  9-11 сынып оқушыларының арасында  «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты дөңгелек үстелін өткізді. Тіл мамандары Г.Ажибаева, А.Талғатованың  ұйымдастыруымен «Өзге тілдің бәрін біл...» тақырыбында мұғалімдер арасында коучинг болып өтті. Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның болашақтағы өмір белесінен, білім кеңістігінде алары да берері де мол екендігін коучинг барысында тіл мамандары дәлелдеді.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 8-сынып жетекшісі З.Таментаева, 6-сынып жетекшісі А.Сатыбалдиева  «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының призмасы арқылы «Бақытты отбасы» бағдарламасының оқу курсы бағдарламасы бойынша сынып жетекшілердің біліктілікті арттыру online оқу курсын қашықтықта оқығаны туралы Нұр-сұлтан қ., «Отбасылық Тәрбиелеу Институты» ЖСШ-інде 52 академиялық сағатта теориялық-практикалық білім алу курсын меңгергені үшін «Сертификатқа» ие болды.

 

17 қазан күні өзін-өзі тану пәнінен 7-9 сынып оқушылары арасында облыстық олимпиада өтті.

 

Мектебіміздің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Г.Аренованың жетекшілік етуімен « Өзіңді жақсылықпен таразыла »  атты тақырыппен қатынасқан командалық олимпиада  облыстық деңгейде жүлделі І орынды иеленіп, республикалық олимпиадаға жолдама алды. Қазір дайындық үстінде.(7-сынып оқушысы Медетұлы Құдірет, 9-сынып оқушылары  Пангереева Аружан, Қалимолла Думан)

 

Қараша айының 8-ші жұлдызында оқушыларымыз Алматы қаласына жол жүріп кетті.Қараша айының 12-13-ші жұлдызында республикалық командалық олимпиадаға қатысып,жүлделі ІІ орынды иеленді.

 

«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық,білім беру және сауықтыру орталығына барып, командалық сайысқа қатысып, жүлделі ІІ (екінші) дәрежелі дипломға ие болған Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектеп оқушыларын қарсылау сәті.

 

Балаларға адамгершілік құндылықтарды танытып,адам және қоршаған орта туралы жаңа білім алуына,ерекше шығармашылық шабытты сезінуіне көмектесіп, өз сүйіспеншілі мен қамқорлығын сыйлаған Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Аренова Гүлсімай Ғайнеденқызы

 

 15 қазан күні өткен республикалық интернет олимпиадасына қатынасқан бастауыш сынып мұғалімдері төмендегідей жүлделі орындарды иеленді: Г.Салықбаева -республика бойынша ІІІ орын, Г. Аренова, Ә. Тауғыстауова, С Шахметова - облыс бойынша ІІІ орын иеленді.

 

Математика пәні мұғалімдерінің аудандық сайысы 15 қазанда өтті. Математика пәні мұғалімі  Ж.Шамшиденова қатынасып қайтты.Сонымен бірге өз білімдерін көтеру мақсатында курстарға бару жоспарланды. Информатика пәні мұғалімі Б.Қалиева 16-27 қыркүйек аралығында «Бағдарламалау, робот және 3D - принтинг» курсынан өтіп келді. 7-11 қазан аралығында «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша тарих пәні мұғалімі Р.Қамеш, 2-7 қыркүйек  аралығында психолог А.Сатыбалдиева курстан өтіп келді.

 

«Алтын қазына көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығы» аудандық байқауына мектебімізден оқушылар қатынасып, нәтижесінде 9-сынып оқушысы Д.Қалимолла ІІ орын, 5-сынып оқушысы Р.Аян ІІІ орынға ие болып, Д.Қалимолла облысқа жолдама алып қатынасып келді. Жетекшісі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Б.Адиров.

 

Аудан мектептерінің 5-6 сынып(ұл,қыз) оқушылары арасында мектеп лигасында шахматтан өткен біріншілікте Аян Рамазан 5-с оқушысы, Қуаныш Нұрлыбек 6-сынып оқушысы,Дауылбай Әділхан 5-сынып оқушысы, Жылқыбайқызы Айханым 6-сынып оқушысы І орынды жеңіп алды. Аян Рамазан «Үздік ойыншы» атағын иеленді.

(Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оқасов Ильяс)

 

 «Спорт нашақорлыққа қарсы» ұранымен 2003-2004-2006 жылы туған мектеп оқушылары  арасында «Күзгі кростан» өткен аудандық біріншілікте ІІ орынды жеңіп алғаны үшін 10-сынып оқушысы Аянова Ұлболсын мен 6-сынып оқушысы Амангелді Абулмансур марапатталды және облысқа жолдама алды.

(Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оқасов Ильяс)        

                 

Білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі  қадамдарды  негізге ала отырып жұмыс жүргізуде  ұжым мүшелері жоспарға сай жұмыстарын жалғастыра бермек

 

Дайындаған : Қалиева Бағила